Қазақстанда 29 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА
Сағат 10.00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді.
Сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің үлкен мәжіліс залында Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына арналған «Астана-Еуразия кеңістігіндегі жаңа Елорда» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Сағат 10.00-де ҚР Қаржы министрлігінде ҚР Үкіметі жанындағы бәсекелестік бойынша жəне корпоративтік басқару мен есеп бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының бірлескен отырысы өтеді.
Сағат 10.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикер: ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан ӘЛІМҚҰЛОВ.
Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінде «Суға шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтау» тақырыбында брифинг өтеді.
Сағат 11.00-де Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Астананың "жасыл белдеуі" жəне "Бейбарыс" демалу базасында аралап көреді.
Сағат 11.00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде Fashion Fest Қазақстан дизайнерлерінің фестивалінің баспасөз конференциясы.
Сағат 11.00-де The St.Regis Astana сіздерді «Мемлекет пен бизнестің әріптестігі экономиканы жаңғыртудың негізі ретінде» тақырыбындағы форумы өтеді.
Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің халыққа есеп беру кездесу қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ.
Сағат 13.30-да Тəуелсіздік сарайында ҚХА «Жастар синергиясы - бірлік энергиясы» - «Синергия молодежи - энергия единства» жастар форумы өтеді.
Сағат 14.30-да Жоғары сот төрағасы Жақып Асанов еліміздің жоғары сотының кезекті пленарлық отырысын өткізеді.
Сағат 15.00-де «Қазмедиа орталығында» ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанованың тұрғындар алдында министрліктің 2017 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша есеп береді.
Сағат 15.00-де «Marriott Astana» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Президентінің бес әлеуметтік бастамасының жүзеге асырылуын бақылау бойынша Қоғамдық кеңестің бейнебайланыс режимінде екінші отырысы өтеді.
Сағат 15.00-де Назарбаев Университеті аумағында Мəдени орталық жəне шыны павильонының ашылуы рəсімі болады.
Сағат 15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «бір терезе» қағидасын қолдану арқылы бизнесті мемлекеттік қолдау үдерістерін цифрландыру барысы туралы» тақырыбына арналған баспасөз конференция ұйымдастырылады.
Сағат 15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Астананың 20 жылдығына орай "Егемен Қазақстан" министр Д.Абаевтың қатысуымен "Бақорда" кітабының тұсаукесерін өткізеді.
АЛМАТЫ
Сағат 08.30-да Еңбекші қазақ ауданында жергілікті қауымдастық қоры журналистерді «Ауыл өңірлерін дамыту» бағдарламасы шеңберінде қолға алынған жұмыс жəне фермерлік шаруашылықтарда биыл сынақ ретінде жылыжайда бұрыш өсіру процессімен танысуға шақырады.
Сағат 11.00-де Горький атындағы орталық мəдени саябақта нашақорлық жəне есірткі бизнесімен күрес күніне орайластырылған кең көлемді акция өткізіледі.
Сағат 15.00-де Алматы мұражайында Елбасының "Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы жаңғырту мақаласындағы шараларды жүзеге асыру шеңберінде "Рухани жаңғыру залы" жобасы əзірленуде.
Сағат 15.00-де Алматы қалалық мемлекеттік кірістер департаментінде экономикалық тергеу қызметінің жұмысы бойынша брифинг өтеді.
Сағат 16.00-де Достық үйінің баспасөз алаңында ҚР Журналистері күніне арналған салтанатты шара өтеді.
КӨКШЕТАУ
Сағат 09.00-де "Жер қойнауы жəне жер қойнауын пайдалану" ҚР Кодексі бойынша көшпелі мәжілісі басталады. Мәжіліске ҚР Инвестициялар жəне даму вице министрі Тимур Тоқтабаев жəне Ақмола облысы әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов қатысады.