Қазақстанда 29 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 29 наурызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Достық үйінде «АНАЛАР АМАНАТЫ» көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.
10.00-де Құқық қорғау органдарының академиясы қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру бойынша жас ғалымдар арасында ғылыми-практикалық семинар өткізеді.
11.00-де «Зүбаржат орамы» бизнес орталығында ҚР «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесінің отырысы басталады.
11.00-де Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ««100 нақты қадам» (91-қадам)Ұлт жоспарын іске асыру аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистикасын дамытудың басым бағыттары» атты дөңгелек үстел өткізеді.
11.00-де «Жастар» театрында «Астана наурызы - 2019» қалалық байқауының жеңімпаздары марапатталады.
12.00-де №73 мектеп-лицейінде «NURLab» виртуалды әлем зертханасы жаңа жобасы таныстырылады.
АЛМАТЫ
11.00-де Кітап үйінде «Ертегіні бейнелейік» балалар байқауы өтеді.
12.00-де Оқушылар сарайында ҚР БҒМ Республикалық қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығы жас музыканттардың - музыка және көркемөнер мектептерінің оқушылары арасында 52 республикалық фестиваль-конкурс өткізеді.
13.00-де №7 қалалық клиникалық ауруханасында бактерология бөлімі ашылады.
ШЫМКЕНТ
10.50-де қала әкімдігінде Шымкент қаласы мәслихатының кезекті қырық жетінші сессиясы өтеді.
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
11:00-де Мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы бастауыш партия ұйымдарының аймақтық форумы өтеді.