Қазақстанда 29 сәуір күні ауа сапасы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның көптеген қалаларында 29 сәуір күні жайлы метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Қазақстанда 29 сәуір күні ауа сапасы қандай болады

«2020 жылдың 29 сәуірі күні жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптаспайды немесе ауа ластанбайды»,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.