Қазақстанда 29 су қоймасының құрылысы жүргізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан өңірлерінде 29 су қоймасы салынады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлім етті.
None
None

«Климатологтардың болжамын ескере отырып, облыстар тұрғысында 2014-2016 жылдары су қоймаларының торабтарын қайта құру мен толық жөндеудің жоспары әзірленді. Сондай-ақ жаңа су шаруашылығы нысандарының құрылысы үшін жобалық құжаттаманы даярлау шаралары атқарылды. Жоспарда 29 су қоймасын құру қарастырылған», - деді министр.

Белгілі болғандай, аталған жоспар аясында 2 мың 700 шақырымнан астам магистральді және үлестіргіш каналдарды қайта жаңғырту, күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүзеге асырылмақ.

Соңғы жаңалықтар