Қазақстанда 3,5 мыңға жуық күзет субьектілері жұмыс істейді

АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Қазақстанда мемлекеттік емес күзет қызметін 3,5 мыңға жуық субьектілер жүзеге асыруда. Бұл туралы бүгін Алматыда «Күзет қызметі туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге арналған дөңгелек үстел барысында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ішкі істер вице-министрі Александр Кулиничтің айтуынша 2912 күзет ұйымдары, 350 күзет құрылымдары, 162 жеке күзетшілер бар. Бұл құрылымдарда 70 мыңға жуық обьектілерді күзететін 77,5 мыңнан астам күзетші жұмыс істейді. «Жыл сайын күзет обьектілері мен күзетшілер саны артып келеді» дейді ішкі істер вице-министрі. Оның айтуынша жеке күзет қызметтері қылмыстық ашылуына да айтарлықтай ықпал етіп отыр мәселен өткен жылы мемлекеттік емес күзет қызметі субьектілерімен 1400 қылмыс ашылған. 11342 әкімшілік құқық бұзушы, ішкі істер органдарына тапсырылған. «Жалпы күзет қызметшілерінің 29 мыңға жуығы өткен жылы ақысыз негізде қоғамдық тәртіпті күзетуге атсалысты» дейді Александр Кулинич.

Соңғы жаңалықтар