Қазақстанда 3 адамның ажалы судан болды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында қайғылы оқиға орын алды. ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен келіп түскен ақпаратқа қарағанда, 1976 жылғы ер адам Шымкент қаласы Қайнар көліне батып кеткен. Мәйіт ОҚО ТЖД көмегімен судан шығарылды.
Сондай-ақ Қызылорда қаласында Балапанды көліне суға шомылу кезінде 1995 жылғы екі жігіт А. Хангелді мен Н. Қазыбаев абайсызда суға батып кеткен. ҚР ТЖМ Қызылорда облысы ТЖД судан құтқару қызметінің көмегімен А. Хангелдінің мәйіті судан шығарылды. Ал Н. Қазыбаевтың денесі іздестірілуде.