Қазақстанда 3 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 3 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.
АСТАНА
Сағат 10:00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.
Сағат 13:30-да М.С.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ-де ҚР Бас Прокуратурасы мен EUCJ жобасының бірлескен жобасы аясында «Халықтық қауіпсіздік деңгейін бағалау мен құқық қорғау органдарына сенімділік» халықаралық зерттеуінің қорытындысы жарияланады.
Сағат 15:00-де «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен қоғамдық кеңес өкілдері Астана қаласының нысандарын аралайды.
Сағат 15:00-де «Турист» қонақ үй кешенінің 2-қабатындағы мәжіліс залында Ұлы даланың «АЛПАҒҰТ» атты жаңа әскери спорт түрінің құрылуына орай журналистердің қатысуымен дөңгелек үстел болады.
Сағат 15:00-де MEGA Silk Way ғимаратында Бродвейдегі ең танымал шоулардың бірі «Иллюзионистерге» арналған баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
АЛМАТЫ
Сағат 09:00-де Ramada Plaza қонақ үйінде есірткіге қарсы саясат, Орталық Азияда есірткі заттарының таралуының алдын алуға арналған екінші аймақтық конференция өтеді.
Сағат 09:00-де «InterContinental Almaty» қонақ үйінде «Kazakhstan Urban Forum 2018» шарасы басталады.
Сағат 11:30-да Алматы қаласының Аймақтық коммуникациялар қызметінде «Туберкулеp бизнеске әсер етпейді» атты баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Сағат 12:00-де Оқушылар сарайында педагогтар арасындағы «Адал ұстаз» қалалық байқауының нәтижесі жарияланады.