Қазақстанда 3 қыркүйекте өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 3 қыркүйек күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
11.00-де ҚР Үкіметінің Баспасөз орталығында Мемлекет басшысы Жолдауын іске асыру шаралары туралы брифинг өтеді. Оған ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов; ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов; ҚР білім және ғылым министрі А. Аймағамбетов; ҚР мәдениет және спорт министрі А. Райымқұлова; ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі М. Шоранов қатысады. Брифинг онлайн режимде PrimeMinister.kz сайтында, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында және «Хабар 24» телеарнасында тікелей эфирде таратылады.
11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Жағажай маусымының жабылуы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Оған Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бастығы Бауыржан Сыздықов қатысады. Онлайн брифинг Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Facеbook-тағы ресми парақшасында https://www.facebook.com/nursultanakimat/ көрсетіледі.
15.00-де «Marden» бизнес-орталығында «Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ел экономикасын дамытудың нақты индикаторы ретінде» атты қоғамдық пікірталас өтеді. Тақырып бойынша жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар әзірленеді.
АЛМАТЫ
11.00-де Zoom конференциясы арқылы Қоғамдық кеңестің онлайн отырысы өтеді. Шараға Қоғамдық кеңес мүшелері мен сарапшылары, ҮЕҰ, ардагерлер кеңесі, мүгедектер қоғамы, көпбалалы аналар кеңесі, жергілікті қоғамдастық комитеттері (СШҮ) және жастар қатысады.
https://zoom.us/meeting/register/tJMtc-6hrD0rGtBut0eFvg2HJ-GHzDMW-hGn