Қазақстанда 3 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 3 қыркүйек күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 9.00-де «Үкімет үйінде» Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын жүзеге асыру шаралары жөнінде Үкімет отырысы өтеді.
19.00-де «АСТАНА» концерт залында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы Қазақ оркестрінің «Қайран, Нарын» атты ХХIII концерттік маусымын ашады.
АЛМАТЫ
11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Фариза Оңғарсыноваға арналған спектакль туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спектакль премьерасы 5-6 қыркүйек күндері М. Әуезов театрында өтеді.
15.00-де «The Ritz-Carlton» қонақ үйінде Алматы қаласы кәсіпкерлерінің V конференциясы басталады. Жиынға «Атамекен» ҰКП Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев және бизнес қауымдастығының өкілдері қатысады.