Қазақстанда 3 маусым күні өтетін маңызды оқиғаларға шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 3 маусым күні өтетін маңызды оқиғаларға шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 11-30-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы ғимаратында Әубәкір Исмаилов атындағы балалар көркемсурет мектебі - Шахтинск қаласының ЮНЕСКО клубы түлектерінің диплом жұмыстарының көрмесі өтеді.
Сағат 16-00-де «ТМД елдеріндегі мемлекетаралық инновациялық ынтымақтастық бағдарламасы: жетістіктер, перспективалар, сәтті жобалар» тақырыбында Мәскеу-Ереван-Минск-Бішкек-Нұр-Сұлтан бейнекөпірі өтеді.
Сағат 16-30-да «Nur Otan» партиясының ғимаратында «Отандастар қоры» КЕАҚ жанындағы қоғамдық комиссияның бірінші мәжілісі өтеді.