Қазақстанда 3 млн. 600 мыңнан астам жеңіл автокөлік бар
АСТАНА. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2012 жылғы шілдеде республикада 40 041 жеңіл автомобиль тіркелді.
ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,2 пайызға жоғары.
2012 жылғы 1 тамыздағы жағдайы бойынша қолда бар жеңіл автокөліктердің саны 3 648,2 мың бірлікті құрады.