Қазақстанда 3 мыңнан астам құқық қорғау қызметкерінің лауазымдары жоғарылатылады

АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанда 3 мыңнан астам құқық қорғау қызметкерінің лауазымдары жоғарылатылады. 

Қазақстанда 3 мыңнан астам құқық қорғау қызметкерінің лауазымдары жоғарылатылады

Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев мәлім етті.

«Кезектен тыс аттестаттау құқық қорғау органдарының кадрлық резервін көп сатылы және іріктеудің қатаң рәсімінен өткен адамдардың қатарынан жаңартуға мүмкіндік берді. Аттестаттау комиссияларының ұсыныстары бойынша жоғары тұрған лауазымдарға 3 мыңнан аса қызметкер ұсынылды, олардың 671-і тағайындалды», - деп түйді ол.

А.Шпекбаевтың атап өткеніндей, аттестаттау барысында басшылық кадрларды ротациялаудың механизмі неғұрлым белсенді пайдаланатын болды. Мәселен, науқан барысында құқық қорғау органдары аумақтық департаменттерінің 13 басшысы ауыстырылған.