Қазақстанда 30 мамыр күні өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі сәрсенбі 30 мамырда өтетін маңызды шаралардың шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
9.30-да «Москва» бизнес орталығында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы және ЮНИСЕФ Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған балалардың жарақаттануының алдын алу туралы дөңгелек үстел өткізеді.
10.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Кемел болашақ үшін өткенді тарихи-мәдени тұрғыда ұғыну» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
10.00-де Park Inn Radisson Astana қонақ үйінің мәжіліс залында «Нұр-Сұлтан - Прага» рейсінің ашылуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады.
10.00-де Нұр-Сұлтан қаласының «Политехникалық колледжінің» 25 жылдығына арналған «Индустрия 4.0 жағдайындағы колледж: дәстүрлер мен функциялардың трансформациясы» тақырыбында республикалық конференция өткізеді.
10.00-де Hilton қонақ үйінде SAP Now Қазақстан 2019 форумы өтеді.
10.40-та ҚР Ішкі істер министрлігінде ІІМ ішкі істер органдары қызметі жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтеді.
11.00-же Журналистер үйінде ҚР Жоғарғы сотының «ар-намысты қорғау туралы заңнаманы сот практикасында қолдану туралы» нормативтік қаулы жобасын талқылауға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
11.00-де Astana Hub-та Қазпоштаның ақпараттық күні өтеді.
11.00-де «Nur-Sultan Ethno Fest» алаңына баспасөз туры ұйымдастырылады.
11.00-де ҚР Ұлттық музейінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Күлкі. Қуаныш. Шығармашылық» музейлік мерекесі өтеді.
14.30-да Назарбаев Университетiнің 2019 жылғы түлектері Aғаш отырғызу рәсімін өткізеді.
15.00-де ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасында әйгілі халық ақыны, қазақтың әншілік-жыршылық өнерінің көрнекті өкілі, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаевтың туғанына 135 жыл толуына арналған «Екі Кенен тумайды, Алатауға ексең де» атты жыр кеші өтеді.
АЛМАТЫ
9.30-да «InterContinental Almaty» қонақ үйінде жыл сайынғы халықаралық PR-Форум өтеді.
10.00-де Сорбонна-Қазақстан институтының «Cases law» орталығында құқық пен қаржы саласындағы сарапшылар дөңгелек үстел өткізеді.
11.00-де Достық үйінде Жастар жылы аясында Алматы жастарына арналған диалогтық алаң ашылады.
КӨКШЕТАУ
11:00-де Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының мәжіліс залында «Мерейлі отбасы - 2019» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталады.