Қазақстанда 30 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі елімізде 30 маусымда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.
None
None

АСТАНА

Сағат 11:00-де Ұлттық теннис орталығында «BAQ OPEN» халықаралық турнирінің ашылу салтанаты өткізіледі.

Дәл осы уақытта Этноауылда «Kóshpendiler Álemi» атты көшпенділердің ІІІ Халықаралық фестивалі өтеді.

Сағат 15:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Оңтүстік Қазақстандағы Отырар мемлекеттік археологиялық музейінің көрмесі өтеді.

Сағат 17:00-де «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін самбодан Әлем кубогының ашылуы өтеді.

Сағат 18:00-де Қазмедиа орталығында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың «Бүгіннің баласы - болашақтың данасы» атты І республикалық фестиваліне қатысқан балаларды марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.

АЛМАТЫ

Сағат 10:00-де Құрлық әскерлері Әскери институтында жас лейтенанттарының салтанатты түрде оқуды аяқтау рәсімі өткізіледі.

Сағат 11:00-де Құлагер шағын ауданында «Менің ауламдағы спорт» бағдарламасына қатысушы жастардың арасында спорттық ойындардың түрі бойынша жалпы қалалық ақтық сайыс басталады.

КӨКШЕТАУ

30 шілде күні Көкшетауда Ақмола облысының облыс орталығы болып құрылуының 194 жылдығы аталып өтеді. Мерекелік шаралар сағат 11:00-де Электронды кітапханада басталады. Ал сағат 15.00-де қалалық Жастар ресурстары орталығы орталық жағажайда Open Air акциясын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар