Қазақстанда 30 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 30 тамыз күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 09.00-де «Астана Арена» стадионында ҚР Конституция күніне орай тұңғыш рет БАҚ өкілдері арасында ҚР Президентінің жүлдесі үшін шағын футболдан республикалық турнир өтеді. Турнирге еліміздің БАҚ өкілдерінен құралған шығармашылық топ командалары қатысады.
Сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда «Nur-Sultan Jastar Fest» спорттық фестивалі өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 12.00-де Алматы Аренада «Tour of Almaty – 2019» велошеруінің 1 кезеңі өтеді.
Сағат 21.00-де Орталық мемлекеттік музейде Конституция күніне орай «Музейлер шеруі-2019» шарасы өтеді.