Қазақстанда 31 мамыр күні өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі сәрсенбі 31 мамырда өтетін маңызды шаралардың шолуын ұсынады.

Қазақстанда 31 мамыр күні өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН

9.00-де «Назарбаев зияткерлік мектептері, Назарбаев Университеті және Назарбаев Қоры» Жоғары Қамқоршылық кеңесінің төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Назарбаев Университетінің V түлектердің оқу бітіру рәсімі өтеді.

9.00-де «The Ritz Carlton Astana» қонақ үйінде «Инвестициялық сот өндірісін әрі қарай жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

10.00-де ЭКСПО аумағында «Экологиялық қауіпсіздік елдің тұрақты дамуының кепілі ретінде» конференциясы өтеді.

10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық Еуразиялық университетінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы М.Е. Сұлтанғазиевтің қатысуымен «ҚР салықтық рақымшылық, сондай-ақ камералық бақылаудың кейбір өзекті мәселелері» атты конференция өтеді.

10.00-де «Қазақ азық-түлік және өңдеу өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы «Салауатты тамақ өнімдерін өндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

10.00-де Сенатта Қаржы және бюджет жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы өтеді.

11.00-де Ақордаға ресми сапармен Еуропалық кеңес Президенті Дональд Туск келеді.

11.00-де «Атамекен» ҚР ҰКП қосымша және инклюзивті білім беруге қатысты дөңгелек үстел өткізеді.

11.45-те Ішкі істер министрлігінде «Жолаушыларды автокөлікпен тасымалдауда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы» брифинг өтеді.

12.20-да «Астана кештері»VIII халықаралық өнер фестивалінің ашылуына байланысты Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өтеді.

14.30-да Халықаралық балалар күніне орай Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, БҰҰ-ның Балалар қоры (ЮНИСЕФ) және «Балалар бейбітшілік суретін салады» ҚҚ балалар құқығына арналған муралды ашады.

15.00-де Сенатта Дене шынықтыру мен спорт саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіру және елдімекендерде 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу мәселелері, спорттық инфрақұрылымды дамыту және спорт кешендеріне қолжетімділікті арттыру туралы Үкімет сағаты өтеді.

15.00-де «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының монументі» ескерткішіне гүл қою рәсімі (Республика және Абай даңғылдарының қиылысы) өтеді.

15.00-де ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде Денсаулық сақтау вице-министрі Қ. Т. Надыровтың төрағалығымен жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтеді.

15.00-де ҚР Сыртқы істер министрлігінде «Адалдық алаңы» жобасы бойынша жарғыға қол кою рәсімі өтеді.

16.00-де Ресей ғылым және мәдениет орталығы Ұлы отан соғысы жылдарындағы совет мәдениеті туралы дәріс оқылады.

17.00-де «Қазақ еліне мың алғыс» монументі алдында еске алу флэш-мобы өтеді.

19.00-де Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыка драма театрында Тбилиси мемлекеттік театрының «А.Л.Ж.И.Р» спектаклі қойылады.

19.00-де Астана Балет театрында Еуропа күніне орай «United in Diversity - Бірлік саналуандықта» атты мерекелік бағдарлама ұсынылады.

АЛМАТЫ

9.30-да Аюсай шатқалында «АЛАУ-2019» табиғи өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық дайындық өтеді.

10.00-де Mercure Almaty City Center-де маркетинг пен жарнама мамандарына арналған АDtribune Қазақстандағы алғашқы индустриялық конференция өтеді.

11.00-де «Қазақстан кітаптары» оқу залында қоғам және мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожановтың 125 жылдығына арналған «Алаштың арда ұлы - Сұлтанбек Қожанов» кеші өтеді.

11.00-де Құрманғазы атындағы консерваторияда «Prima Nota Fest» академиялық республикалық байқау-фестивалі туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

КӨКШЕТАУ

11.00-де Мүгедек балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Халықаралық балалар күніне арналған мерекелік шара өткізеді.

11.00-де Достық үйіндегі С. Сейфуллин, Б. Майлин және І. Жансүгіровтың «ҮШ БӘЙТЕРЕК: ТАҒДЫР МЕН ТАҒЫЛЫМ» атты ғылыми конференциясы өтеді.