Қазақстанда 32 жоғары оқу орны қайта құрылады
«Жоғарғы оқу орындарды жекешелендіру бойынша: Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп жекешелендірудің мынадай нұсқасы әзірленді. 32 жоғарғы оқу орындары коммерциялық және коммерциялық емес акционерлік қоғамдар болып қайта құрылатын болады. Бұл жұмыс 2017 жылдан басталады. 2020 жылға акцияларды қосымша шығару жолымен жеке капиталды тарту жүзеге асырылатын болады», - деді Сұлтанов.
Оның айтуынша, Білім туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін 2018 жылы колледждер үлкен кәсіпорындарға және университеттерге сенімгерлік басқаруға ұсынылады.
«6 медициналық жоғарғы оқу орны бойынша 2017 жылдан бастап стратегиялық әріптестіктермен бірлесіп, қамқорлық бағдарламасы жүзеге асырылады. 2018 жылдан бастап - университеттік клиникаларды бірлесіп басқару бойынша шаралар жүзеге асырылатын болады. 2019 жылдан бастап - сенімгерлік басқаруға беру жүзеге асырылады», - деді ол.