Қазақстанда 34 526 жүкті әйел «Pfizer» вакцинасын салдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2022 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда «Pfizer» вакцинасының I-ші дозасын 913 862 адам, ІІ-ші дозасын 724 179 адам салдырды.

Қазақстанда 34 526 жүкті әйел «Pfizer» вакцинасын салдырды

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Вакцина алғандардың ішінде:

І-ші компонентті 756 383 жасөспірім, 34 526 жүкті әйел, 119 965 бала емізетін әйел салдырған.

ІІ-ші компонентті 605 319 жасөспірім, 26 671 жүкті әйел, 92 121 бала емізетін әйел салдырған.