Қазақстанда 35 554 адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 8 шілдедегі мәлімет бойынша, 35 554 адам коронавирус инфекциясынан (–34 265 + және 1289 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 35 554 адам коронавирустан емделіп жатыр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналындағы мәліметтерге қарағғанда, емделіп жатқандардың арасында 10 940 пациент стационарда, 24 614 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 709 адамның жағдайы ауыр,

• 161 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 91 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.