Қазақстанда 3559 науқас ағзасын ауыстыру үшін кезекте тұр

Бұл туралы облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте республикалық транспланталогия орталығының Маңғыстау облысы бойынша үйлестірушісі, анестезиолог-реаниматолог Индира Аманқосқызы хабарлады.
Спикердің айтуынша, жыл басынан бері күту кезегіндегі 2 адам (бүйрек) қайтыс болған.
Жалпы, Қазақстан бойынша ықтимал реципиенттер тіркелімінде (күту кезегі) 3599 пациент тұр. Оның ішінде бүйрек трансплантациясына – 3254 (74 - бала), бауырға – 172 адам (9 - бала), жүрекке – 153 пациент (5 - бала).
2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанда 2000-нан астам трансплантация жасалды.
Оның ішінде әрбір бесінші трансплантация - қайтыс болғаннан кейінгі донордан.
Қазақстанда туыстар арасында ағза ауыстыру үлесі бүкіл трансплантациялардың 80,2%-ын құрайды.
Ал Еуропа елдерінде ағзаларды қайтыс болғаннан кейінгі донорлардан транспланттау басым.
« Маңғыстау облысында донорлық стационар - облыстық аурухана. 2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ауруханада 29 өлім жағдайы тіркелді. Оның ішінде ықтимал донор болуы мүмкін 18-62 жас аралығындағы 11 (37,9%) жағдай бар « , - деді республикалық транспланталогия орталығының Маңғыстау облысы бойынша үйлестірушісі, анестезиолог-реаниматолог Индира Аманқосқызы.
2022 жылдың бірінші тоқсанында елімізде 44 трансплантация жүргізілген.
Оның ішінде тірі донордан 37 (84%) операция және қайтыс болғаннан кейін донордан 7 (16%) операция жасалды.
Маңғыстау облысында жыл басынан бері тірі донордан екі трансплантация жасалды.
Бұл ретте Қазақстанда трансплантология дамуының барлық кезеңінде Маңғыстау облысында қайтыс болғаннан кейінгі ықтимал донорды өзектендірудің бір де бір жағдайы тіркелген жоқ.