Қазақстанда 3916 адам коронавирустан емделіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 17 тамыз күнгі мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 3 916 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Олардың арасында 35 сәби бар. Стационарларда 2 202 науқас жатыр. 1 714 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 115 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 18 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 18 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар
telegram