13:12, 16 Шілде 2015 | GMT +5
                                        Қазақстанда 4,5 млн астам жеңіл автокөлік бар
                                            АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы қаңтарда-мамыр аралығында Қазақстан Республикасында 357 690 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды. 
                                        
                                        
                                     
                                              «2015 жылғы қаңтар-мамырда республикада 357 690 жеңіл автомобиль тіркелген, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 68,7 пайызға жоғары. Ал 2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жеңіл автокөліктің қолда бары 4 млн. 554,7 мың бірлікті құрап отыр», - делінген баспасөз баянында.
Келтірілген мәліметтерді қарағанда, ағымдағы жылдың бес айында ең көп жеңіл автокөліктер Алматы қаласында тіркелген - 41 821 бірлік, бұдан кейінгі орында - Оңтүстік Қазақстан облысы - 41 376 және Алматы облысы - 39 715 бірлікті құрады.