Қазақстанда 4 ақпан күні өтетін маңызды шаралар
АСТАНА
Сағат 15.00-де Астана қаласының №2 көпсалалық ауруханасында Қазақстандағы алғашқы катамнез бөлімшесі ашылады. Тегін негізде қызмет көрсететін бөлімше шала туған, салмағы аз, сондай-ақ мерзімінен бұрын туған патологиясы бар шақалақтарға арналған.
Сағат 15.00-де Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайында (1-терминал) коммерциялық және өндірістік объектілерді, үлкен кеңістіктерді тазалауға арналған автономды тазалағыш роботтың таныстырылымы өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 11.00-де «Интерфакс-Қазақстан» баспасөз орталығында Дүниежүзілік ракқа қарсы күрес күніне орай баспасөз мәслихаты өтеді. Оған ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас онкологы, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының» басқарма басшысы, медицина ғылымының докторы Диляра Қайдарова және тағы басқалары қатысады.
Сағат 14.00-де Қазақстан Баспасөз-орталығында «Кеден және бизнес: монологтан диалогқа қадам» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. «Нұр жолы» Кеден және логистика жөніндегі уәкілетті экономикалық операторлар одағының өкілдері ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп өткізілген рейдтер жөнінде айтып береді.