20:19, 19 Қазан 2015 | GMT +5
Қазақстанда 4 гарнизонның әскери прокурорлары ауысты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әскери прокуратура саласында жаңа тағайындаулар орын алды.

Бас әскери прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен:
Әділет полковнигі Рустам Ходжаев Аягөз гарнизонының әскери прокуроры қызметінен босатылып, Ақтау гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды; Әділет подполковнигі Жарасбек Момынбеков Приозерск гарнизонының әскери прокуроры қызметінен босатылып, Аягөз гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды; Әділет подполковнигі Дінбаян Мұханбетқалиев Павлодар гарнизонының әскери прокуроры қызметінен босатылып, Приозерск гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды; Ақтөбе гарнизонының әскери прокуроры болған әділет подполковнигі Арман Шитенов Павлодар гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды.