Қазақстанда 4 қарашада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 4 қараша күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Қазақстанда 4 қарашада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 10.00-де өтетін Мәжілістің жалпы отырысы www.parlam.kz сайтында онлайн режимінде көрсетіледі.

Сағат 11.00-де Қабанбай батыр көшесі 14, 7-ші кеңседе үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу жөніндегі қазіргі заңнаманы сақтау мәселелері бойынша оқу семинары ұйымдастырылады.

Сағат 12.00-де Елбасы кітапханасының жаңа мұражай ғимаратында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою шарасы өтеді. Іс-шара барысында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың әлемнің жетекші университеттеріндегі дәрістері» атты кітаптың баспа және электронды форматтағы тұсаукесері болады.

Сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласының мәслихатында «Нұр-Сұлтан қаласының 2021-2023 жылдардағы бюджетінің жобасы» қаралады.

Сағат 16.30 -да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Пандемия кезінде ана мен бала денсаулығын қорғау» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният, ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова, Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басқарма төрағасы, ҚР ДСМ штаттан тыс бас педиатры Риза Боранбаева, акушерлік, Гинекология және перинатология ғылыми орталығының басқарма төрағасы Динара Мырзахметова.

Сағат 17.30-да «Астана Операда» «Абай» операсындағы бейнелер» көрмесі ашылады. Абайдың 175 жылдығына орай «Бір жерде бірге жүрсең басың қосып...» концерті аясында спикерлер сөз сөйлейді.

АЛМАТЫ

Сағат 16.00-де әлеуметтік әл-ауқаттылық мәселелері жөніндегі №4 комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді. Онда Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқаты туралы есеп тыңдалады. Сөз сөйлейтін спикер: Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Рахат Шимашаева.