Қазақстанда 40 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жүр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде коронавируспен ауырған 40 441 адам емделіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
None
None

«22 сәуірдегі мәлімет бойынша, 40 441 адам коронавирус инфекциясынан (39 943 КВИ+ және 498 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 387 пациент стационарда, 26 054 науқас амбулаториялық деңгейде емделіп жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 689 адамның жағдайы ауыр;

• 171 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 97 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар