Қазақстанда 43 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда 6 мамырдағы мәлімет бойынша, 43 253 адам коронавирус инфекциясынан (42 792 КВИ+ және 461 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Қазақстанда 43 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр

Олардың ішінде 14 489 пациент стационарда, 28 764 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 780 адамның жағдайы ауыр,

• 195 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 121 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.