Қазақстанда 450 мыңға жуық адам жұмыссыз

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша, Қазақстанда жұмыссыздар саны 444,7 мың адамды құрады. Бұл - еліміздегі жалпы жұмыс күшінің 4,9 пайызы (биылғы жылдың қазанында - 4,8 пайыз болды), деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика агенттігіне сілтеме жасап.
None
None

Ресми ақпаратқа сәйкес, қараша айында жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны 134,8 мың адамды құрады. Бұл - экономикалық тұрғыда белсенді халықтың 1,5 пайызы.

  

Соңғы жаңалықтар