Қазақстанда 49 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 49 270 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда 49 мыңнан астам адам коронавирус инфекциясынан емделуде

28 қазандағы мәлімет бойынша, 49 270 адам коронавирус инфекциясынан (–43 376 + және 5 894 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 8 485 пациент стационарда жатыр, 40 785 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 594 адамның жағдайы ауыр, 152 пациенттің жағдайы өте ауыр, 112 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.