Қазақстанда 5,6 млн га пайдаланылмайтын жер ауыл шаруашылығы айналымына тартылды - Қ.Өскенбаев

АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу қортындысы бойынша 9,9 млн. га пайдаланылмайтын жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында.
None
None

«Тұрақты негізде жерді пайдаланбаған жағдайда немесе заңнаманы бұзу арқылы пайдалану кезінде оны мемлекетке қайтару бойынша шаралар қолданылатынын, 2011 жылдан бастап 9,9 млн. га, оның ішінде айналымға 5,6 млн. га тартылғанын айтып өткім келеді», - деді ҚР Өңірлік даму министрінің бірінші орынбасары.

Сонымен бірге, оның айтуынша, 2012 жылы өткізілген ауыл шаруашылығы алқаптарын инвентаризациялау қортындысы бойынша бүгінгі таңда жерлерді тиімді пайдалану үшін алдында жасалған жер телімдерін жалдау келісім-шарттарына түзетулер енгізілген.

Барлығы, Қ.Өскенбаевтың айтуынша, жалпы аумағы 3 млн астам га болатын 7 мың пайдаланылмайтын жер телімі анықталған, оның ішінде 400 мың га егістік жерді құрайды, шамамен 1,4 млн га шаруа қожалығы және 1,6 млн га басқа да ауыл шаруашылығы аграрлық қалыптастырулары пайдаланбаған.

Соңғы жаңалықтар