Қазақстанда 5 ақпанда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 5 ақпан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
None
None

АСТАНА

Cағат 10.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы басталады. Үкімет отырысының күн тәртібінде Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, сондай-ақ денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік ұзақ мерзімді жоспарларын іске асыру мәселелері талқыланады.

Сағат 10.45-те Ұлттық теннис орталығының баспасөз орталығында Ұлттық әйелдер құрамасының қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізіледі. Баспасөз мәслихатына Зарина Дияс, Галина Воскобоева, Юлия Путинцева, Гозаль Айнитдинова, Анна Данилина мен Диас Досқараев қатысады.

Сағат 11.00-де «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы және «Астана Су арнасы» МКК ұйымдастырумен «Жастардың бойында экологиялық дағдыларды қалыптастыру» тақырыбында іс-шара өткізіледі.

Сағат 11.00-де Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты - ҚХА депутаттық тобының жетекшісі, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Сауытбек Абдрахмановтың Астана қаласы ҚХА этномәдени бірлестіктерімен кездесуі өтеді.

Сағат 15.00-де Сенатта Халықаралық қарым-қатынас, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 15.00-де Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен БМАРУ «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасының салтанатты ашылу рәсімін өткізеді.

Сағат 17.00-де Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратында Ирандағы ислам революциясы жеңісінің 40 жылдығына арналған «Иран калиграммасы» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.

Сағат 18.30-да Корея мәдени орталығында корей жаңа жылы мерекелеу шарасы өткізіледі.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де «Алматы Су» МКК құрылымының басты тазарту жүйелеріне баспасөз туры ұйымдастырылады.

Сағат 16.30-да № 6 Оқушылар үйінде «Алматы қаласының ұйғыр этномәдени қалалық орталығы» Қоғамдық бірлестігінің конференциясы өтеді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ

Сағат 11.00-де Отырар ауданында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары М.Айсина мен С.Өтебаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясы Отырар аудандық филиалының кезектен тыс ХХХVI конференциясы өтеді.

Сағат 11.30-да Түркістан қаласының Turkistan media орталығында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 2018 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.

Сағат 12.30-да Түркістан қаласының Turkistan media орталығында облыстық құрылыс басқармасы 2018 жылдың қорытындысы мен 2019 жылдың жоспарлары жайында баспасөз мәслихатын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар