Қазақстанда 5 қазанда өтетін маңызды шаралар

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 5 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

Қазақстанда 5 қазанда өтетін маңызды шаралар

АСТАНА

Сағат 08:30-да Назарбаев университеті Медицина мектебінің ғимаратында «Реабилитология мен курортологияның басым бағыттары» атты VI ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Сағат 09:00-де Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебі және Астана мемлекеттік қызмет хабы «Кеңестік кезеңнен кейінгі Еуразиядағы мемлекеттік басқарудың заманауи мәселелері» тақырыбында конференция өткізеді.

Сағат 10:00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясында баспасөз орталығы ашылады. Ол жерде тілшілер қауымы дауыс беру үрдісін бақылай алады. 

Сағат 11:00-де Ақордада Мемлекет басшысы Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария етеді.

Сағат 12:00-де ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бойынша Ұлттық бюрода брифинг өтеді.

Сағат 12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Smart Ruhani Akmola» мобильді қосымшасын таныстыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 15:00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында аса көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, әдебиет теоретигі, І дәрежелі Ш. Уәлиханов атындағы сыйлығының, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Зәки Ахметовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Көркем сөздің зергері» атты академиктің жеке қолжазбалары мен хаттары және қолтаңбалы кітаптар топтамаларынан жинақталған көрменің ашылуы өтеді.

Сағат 15:00-де ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүргізуге арналған кеңес өткізіледі.

Сағат 17:00-де «Қазақстан» Орталық концерт залында «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің 27-концерттік маусымының ашылуына орай баспасөз брифингі өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10:00-де Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейінде «Үздік мектеп музейі» қалалық байқауы өтеді.

Сағат 11:00-де ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Философия, политология және дінтану институты» «Қазіргі Қазақстанның рухани жаңғыруындағы қазақ философиясының маңызы мен рөлі» атты дөңгелек үстел өткізеді.