Қазақстанда 5 күннің ішінде 22 адам суға кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 5 күннің ішінде 22 адам суға кетті, деп хабарлайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанда 5 күннің ішінде 22 адам суға кетті

«Қазір шомылу маусымының нағыз қызған кезі. Оған ыстық ауа райы мен адамдардың жұмыстан демалыс алуы себеп. Халық су айдындарының бойында белсенді уақыт өткізіп жүр. Аптап ыстықтың салдарынан суда көптеген қайғылы жағдайлар тіркелуде. Өткен бес күн ішінде (22-26 шілде) елдің шомылатын орындарында 22 адам көз жұмды, оның 6 – бала», - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ТЖК баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, 16 адамның (оның 5 - бала) көз жұмуына шомылу кезінде әлін дұрыс бағаламауы себеп болған. Ал 1 бала қараусыз қалып, суға батып, 5 адам балық аулау кезінде қауіпсіздік ережесін бұзған.

Аталмыш оқыс оқиғаларға Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында тіркелген.

ҚР ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Демалыс орындарда суға мас немесе есірткі қабылдаған күйде түсуге; суға қайықтан, кемелерден, бұл мақсатқа арналмаған заттардан секіруге; белгіден ары асып жүзіп кетуге; жүзуге арналмаған заттармен жүзуге; кемелерге жақындауға; су айдындарын ластауға; жағада және киім ауыстыратын жерде демалушыларды жарақаттауы мүмкін қоқысты тастауға; жалған көмек сұрап, дабыл қақпауға; техникалық және ескерту белгілеріне өрмелеуге; үлкен адамның қарауынсыз баланы суға жіберуге; шомылып жатқан балаларды қараусыз қалдыруға тыйым салады.