Қазақстанда 5 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 5 маусым күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Қазақстанда 5 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.

Сағат 10.00-де Мәңгілік ел көшесіндегі 55 ғимаратта орналасқан «Ц 1-44» павильонында «Жасыл жол» эко-фестивалі өткізіледі. Фестиальда №1 музыкалық мектебінің оқушылары мен мұғалімдері өз өнерлерін көрсетеді, сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының қосымша білім беру мекемелері концерт өткізеді.

Сағат 10.00-де Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар кеңсесінде «Қазақстан Республикасындағы іргелі қалаларда ауаның ластануын алдын алу үшін баламалы көлік түрін дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 11.00-де «Қазмедиа» концерт залында елордада жас кәсіпкерлер, сонымен қатар кәсіп бастағысы келетін жастардың бас қосатын Аtameken FEST форумы өтеді.

Сағат 12.00-де «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ (Мәнгілік ел даңғылы 55а, 15 қабат) ғимаратында «Қазақстан Республикасында сайлау туралы пікірталас алаңы» тақырыбында шара өтеді.

Сағат 10.00-де Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығында Бүкіләлемдік қоршаған орта күніне орай Jasyl Jol электромобильдер сайысы өтеді.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ арасында білім беру және денсаулық сақтау саласы қызметкерлеріне тұрғын үй бағдарламасын іске асыру туралы келісімге қол қоюға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 16.00-де Р.Қошқарбаев көшесіндегі 29 ғимаратта Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің бастамасымен «Астана - адалдық алаңы» жобасының бойынша iQala қалалық қызмет орталығы ашылады.

ШЫМКЕНТ

Сағат 09:40-та «Қоршаған ортаны қорғау» күніне орай, Дендросаябақтағы «Жастар» аллеясында мерекелік іс-шара өтеді. Бұдан бөлек, дендрологиялық саябақта балалар ойын алаңшасы ашылады.

КӨКШЕТАУ

Сағат 11.00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімінің кубогы үшін халықаралық фестиваль жеңімпаздарының баспасөз конференциясы өтеді.