Қазақстанда 527 босқын тіркелген - Т. Дүйсенова

АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - Қазақстанда тіркелген босқындар саны - 527.  Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінде көші-қон саласындағы заңнамалардың халықаралық тәжірибесіне арналған семинар барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің  жауапты хатшысы Тамара Дүйсенова мәлім етті, 
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан өзінің қабылдаған халықаралық міндеттемелеріне сәйкес босқындарды қабылдап, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ететін болады. Ағымдағы жылғы қазанның 1-індегі жағдай бойынша Қазақстандағы тіркеліп, босқын мәртебесін алған азаматтардың саны  527-ге жеткен. Олардың басым бөлігі Ауғанстаннан келген азаматтар болып табылады», деді Т. Дүйсенова.

Оның айтуынша, елімізде осы босқын мәселесіне қатысты туындаған проблемаларды заңнамалық тұрғыдан реттеу шаралары қолға алынып отыр. «Мәселен, қазіргі күні Үкімет тарапынан босқындар ісіне қатысты арнайы заң жобасы әзірленіп, Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынылды», деді Жауапты хатшы.

Соңғы жаңалықтар