Қазақстанда 55 мың сырқат коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 7 қазандағы соңғы ақпарат жарияланды.
7 қазандағы мәлімет бойынша, 55 956 адам коронавирус инфекциясынан (48 352 + және 7 604 КВИ-) емделіп жатыр.
Оның ішінде 9 562 пациент стационарда, 46 394 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында:
• 747 адамның жағдайы ауыр,
• 206 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 124 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.