11:42, 16 Шілде 2022 | GMT +5
Қазақстанда 6,4 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 6,4 мыңнан астам адам коронавирус індетінен ем қабылдап жатыр. Бұл туралы аталған вирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
16 шілдедегі мәлімет бойынша, ел өңірлерінде 6 425 адам коронавирус инфекциясынан (6 332 науқас – коронавирустан, 93 науқас – коронавирус пневмониясынан) емделуде, олардың ішінде 680 пациент стационарда, 5 745 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
Коронавирус және коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдыққандар арасында:
- 17 адамның жағдайы ауыр,
- 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.