Қазақстанда 6 қазанда өтетін маңызды шараларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 6 қазанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
АСТАНА
Сағат 10:00-де «Столичный» саябағында ауыр науқасқа шалдыққан белгілі спорт журналисі Галина Полеваяны қолдауға арналған арнайы жеңіл атлетикалық жүгіру ұйымдастырылады.
Сағат 10:15-те «HILTON ASTANA» отелінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауын қолдау мақсатында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары М.С Әшімбаевтың төрағалығымен «Қазақстан - 2050» Жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясының отырысы өтеді.
Сағат 10:30-да Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) «Зерде» холдингтік компаниясымен бірлесе отырып «Балалар үшін деректер» атты форумын ұйымдастырады.
Сағат 11:00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» халыққа Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының орыны мен рөлі» аттв ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.
Сағат 14:30-даҚР Кәсіподақтар федерациясының ғимаратында Президенттің «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» Жолдауын талқылауға арналған жиын өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 09:00-де Қазақ ҰЗИ, ҚР ДС онкология және радиология орталығында ашық есік күндері өтеді.
Сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейінде Орталық Азияның дәстүрлі «Алтын алма» көрмесі ұйымдастырылады.
Сағат 11:00-де Түрген аңғарында тұңғыш рет күзгі бейнелердің көрмесі өтеді.
Сағат 11:00-де Достық үйінде «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» мүшелері Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылайды.
Сағат 11:00-де «Esentai Mall»-да қалалық фермерліктің Almaty Urban Farm Festival шарасы басталады. Шара Алматы қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының қолдауымен өткізілгелі отыр. Almaty Urban Farm Festival - ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің жаңа форматы.
Сағат 18:00-де «Алматы Тауэрс, SmArt бизнес орталықтарында Қазақстандағы тұңғыш әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша «Social Impact Award» марапаттауы өтеді.