Қазақстанда 6 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 6 маусымда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Қазақстанда 6 маусымда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де Мариотт қонақ үйінде «Бірінші елордалық урологиялық форум» өтеді.

Сағат 09.50-де ҚР Ішкі істер министрлігі ІІМ-нің баспасөз клубында күн сайын Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В.Р. Беккердің қатысуымен тәулік ішіндегі төтенше жағдайлар бойынша елдегі жедел жағдай жөнінде брифинг өткізеді.

Сағат 11.00-де Назарбаев Университетінде VIII-ші Халықаралық конференция өтеді.

Сағат 11.00-де ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Имашев Түркітілдес елдердің ынтымақтастық кеңесінің бақылаушылар делегациясымен кездеседі.

Сағат 11.30-де Сенаттың кезекті отырысы басталады.

Сағат 12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасындағы Аризона штатының (АҚШ) сауда-инвестициялық миссиясының перспективалары бойынша шетелдік делегацияның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 15.00-де Назарбаев орталығында «Казахстанец» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізіледі. Бұл туындының авторы жазушы, түркілердің рухани мәдениетін зерттеуші, саяхатшы, республикалық әдеби сыйлықтарының лауреаты Тинкай Кретова.

Сағат 15.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюрода брифинг ұйымдастырылады.

Сағат 15.00-де Министрліктер үйінің 15-кіреберісіндегі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында «Астана кештері» VIII халықаралық өнер фестивалінің жабылу салтанатына байланысты баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 16.30-да Ресей ғылым және мәдениет орталығында орыс тілі күніне орай мерекелік кеш өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де «Астана» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің бірыңғай республикалық күні өтеді.

Сағат 13.00-де Rixos қонақ үйінде Қазақстан Республикасы кардиологтарының XI конгресі аясында баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.