14:53, 11 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қазақстанда 6 миллионнан астам адам сейсмикалық қауіпті аймақтарда тіршілік кешіп жатыр
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының мәліметінше, елімізде жер сілкінісі жиі болатын өңірлер ел аумағының үштен бір бөлігін құрайды.

Бұл аймақтарда 6 миллионнан астам адам тұрады, өнеркәсіптік әлеуетіміздің 40%-ы сейсмикалық жағынан қауіпті өңірлерде, деп жазады «Алаш айнасы» газеті.
Республиканың сейсмикалық тұрақсыздық жағынан аса қауіпті аймақтары - Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстары. Соңғы 10 жыл ішінде көмірсутек шикізатын өңдеу ісінің қарқын алуына байланысты еліміздің батысындағы мұнай кәсіпшілігі аудандарында техногенді сипаттағы жер сілкінісі қаупі күшейген.