Қазақстанда 6 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 6 тамызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының жанындағы ғылым бойынша кеңес «Бурабай форум: Қазақстанның халықаралық ынтымақтастықтары» атты ІІІ халықаралық форумын бастайды.
Сағат 11.00-де Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мәселесі бойынша БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізеді.
Сағат 12.20-да ОКҚ-да «Болашақ» қауымдастығының тың жобаларын таныстыруға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 15.30-да елорда әкімдігінде алдағы қаланың жылыту маусымына даярлық мәселесі бойынша баспасөз мәслихаты ұйымдастырылады.
Сағат 15.00-де Министрлік үйі 10 кіреберісте қоршаған ортаны қорғау саласындағы меморандумға қол қойылады. Меморандумға Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Алик Айдарбаев қол қояды.
Сағат 16.00-де елорда әкімдігінде қала басшысының орынбасары Б.Мәкеновтың төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша аймақтық штабтың отырысы ұйымдастырылады.
АЛМАТЫ
Сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін №4 қалалық емхана базасында артериялық гипертензиясы және қант диабеті бар диспансерлік пациенттер арасында бүйректің созылмалы ауруы бойынша скрининг жүргізу жоспарлануда. Кәсіби нефролог дәрігерлер командасы пациенттерді тексеріп, қандағы креатинин деңгейіне зерттеу жүргізеді.
6 тамыз күні «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының партиялық бақылау қызметінің басшылығы «Құтты мекен» жобасы аясында Көксу ауданы, Балпық би ауылындағы 50-пәтерлі және 20 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй құрылысының жұмыс барысымен танысады. Рейдке облыстық, аудандық филиал басшылығы, құрылыс бөлімінің жауапты мамандары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, партиялықтар және БАҚ өкілдері қатысады.
ОРАЛ
Сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін Орал қаласында Батыс Қазақстан облысының ауыл әйелдері форумы өтеді. Форумды ұйымдастырушылар: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, «Жасыл экономика» және G-Globalды дамыту Коалициясы« ЗТБ, G-Globalдың халықаралық хатшылығы, сонымен қоса халықаралық Coca-Cola қорының қолдауымен «EXPO&WOMEN» халықаралық ұйымы ЗТБ. Форум әйелдер істері жөніндегі отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық комиссияның қолдауымен өтеді.