Қазақстанда 600 мыңнан астам мүгедек тiркелген

«Бiздiң елде 2005 жылдан берi мүмкiндiгi шектеулi азаматтардың саны туралы мәлiметтер қоры бар. Ол базада 626 мың адам тiркелген. Бұл Қазақстан халқының 3,7 пайызын құрайды. Оның iшiнде 75 мың 900 адам көру қабiлетi нашар жандар», - деп атап өттi ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрлiгi әлеуметтiк қызметтер департаментiнiң директоры Ажар Түлеғалиева.
Оның айтуынша, зағип жандар мүгедектердiң iшiнде саны жағынан алтыншы орында тұр және 5,7 пайызды құрауда. Ал мүгедектiктiң көш басына қан айналымы, онкологиялық аурулар, жарақат пен түберкулез ауруынан зардап шеккендер еніп отыр.
Республикалағы статистикалық мәлiметтердiң орташа деңгейiн алатын болсақ, Қызылорда мен Ақтөбе облыстарында көз дерттері салдарынан мүгедек атанған азаматтар көбейiп келедi.
Аталмыш шараны «Нұр Отан» партиясы мен ҚР Парламентi мәжiлiсiнiң қолдауымен «Аржан» қоғамдық қоры ұйымдастырды.