Қазақстанда 65 жасқа жетіп, жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер 200 мыңға жуық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстанда 65 жасқа жетіп, жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер 200 мыңға жетті. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының кеңейтілген отырысында ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.

Қазақстанда 65 жасқа жетіп, жұмыс істеп жүрген зейнеткерлер 200 мыңға жуық

«Бүгінде Қазақстанда 1,9 млн. адам зейнет жасында және олар өздерінің зейнетақылық төлемдерін алуда. 65 жастан асып, жұмыс істеп жүргендердің саны 200 мыңға жуық»,-деді министр.

Т. Дүйсенованың сөзіне қарағанда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, егер де адам зейнет жасына дейін мемлекеттік қызметте істеп болса, онда жұмыс беруші онымен келісімшартты бұзуға құқылы. Алайда, бұл маман қызметке қажет білікті маман болса, жұмыс беруші онымен келісімшартты ұзартуға құзырлы.

«Бүгінде денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік даму саласының мамандары (зейнет жасындағылар) жұмыстарын жалғастыруда»,-деді ведомство басшысы.