Қазақстанда 664 мыңнан астам адам жәрдемақы алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1999-2015 жылдар аралығында мемлекеттік әлеуметтік төлемақыларға бағытталған республикалық бюджеттің шығыны 6,9 есеге өсті, яғни бұл бағытта 25,8-ден 177,5 млрд. теңгеге дейін артты.

Қазақстанда 664 мыңнан астам адам  жәрдемақы алады

«Аталған кезеңде мүгедектікке байланысты әлеуметтік төлемақылардың орташа көлемі 7,3 есеге өсті. Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемақының көлемі 4,8 есеге өсіп, 2015 жылы 20 555 теңге болды (1999 жылы - 4 250 теңге)»,-делінген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметінде.

Сонымен қатар, жас ерекшелігіне байланысты жәрдемақы 5,7 есеге өсті: 1999 жылғы 1 951 теңгеден 2015 жылы 11 110 теңгеге дейін артты.

Естеріңізге сала кетейік, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 7 пайызға ұлғайтылды. Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 664 мыңнан аса әлеуметтік жәрдемақы алушылар тіркелген.