Қазақстанда 7,5 мың адам коронавирустан ем қабылдап жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус жұқтырған науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 7,5 мың адам коронавирустан ем қабылдап жатыр

17 шілдедегі мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 7 571 адам (коронавирус –7 465, коронавирус пневмониясы – 106) емделіп жатыр. Олардың ішінде 680 пациент стационарда, 6 891 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 15 адамның жағдайы ауыр, 3 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.