Қазақстанда 7,9 млн адам коронавирусқа қарсы толық егілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 24 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 8 661 498 адам, компонентімен 7 986 343 адам егілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда 7,9 млн адам коронавирусқа қарсы толық егілді

Вакцинаның екі компонентін толық салдырған тұрғындар саны бойынша алдыңғы орында Алматы қаласы тұр – 972 507. Одан кейін Түркістан облысы (960 241 адам), Шығыс Қазақстан облысы (867 993 адам), Алматы облысы (775 464 адам), Шымкент қаласы (537 052 адам) тұр.