Қазақстанда 7 ақпанда елдің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК ақпанның 7-не арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық фронталды ағымдардың өтуіне байланысты республиканың батысында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында қар жауып, боран соғып, жел күшейеді. Қазақстанның өзге аумақтарында қар жаумайды. Кей жерлерге тұман түседі.
Алматы облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, Жалаңашкөл аймағында жел секундына 18-23 метр жылдамдықпен соғады.
Жамбыл облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Атырау, Маңғыстау облыстарының бірқатар аймақтарында жел 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды. Маңғыстау облысының кей жерлеріне тұман түседі.
Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында түман түсіп, боран соғып, Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.
Ақтөбе облысында түман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.