Қазақстанда 7 қыркүйекте өтетін маңызды шараларға шолу

Сағат 9:00-де «RixosPresident» қонақ үйінде Қазақстан-Қытай бизнес-форумы өтеді.
Сағат 10:00-де Астана медициналық университетіне ҚР Кодексінің «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі» тұжырымдамасы жобасын көппен бірге талқылау бойынша қоғамдық тыңдау өткізіледі. Жиынға Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен бірге Астана, Алматы мен Шымкент қалаларының және облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, ҮЕҰ мүшелері қатысады.
Сағат 10:00 Бараев атындағы бидай шаруашылығының ұлттық-өндірістік орталығында егін орағы жұмыстарының басталуына байланысты Егін мерекесі басталады. Шараға Премьер-министрінің орынбасарлары Өмірзақ Шөкеев пен Асқар Жұмағалиев қатысады.
Сағат 13:30-да «Бейжің Палас» қонақ үйінде «Бір белдеу, бір жол» аясында қазақстан-қытай форумы басталады. Шара талдау орталықтары, БАҚ пен мәдени қарым-қатынас саласында тәжірибе алмасуға арналмақ.
Сағат 15:00-де Республикалық диагностикалық орталықта Отбасы күніне арналған мерекелік шара өтеді.
Сағат 15:00-де республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау бойынша Есеп комитетінің отырысы басталады.
Сағат 16:00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.
Сағат 16:00-де «Алау» мұз айдынында Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу аясында Астана қаласының мемлекеттік қызметшілері арасында «Мемлекеттің тірегі - отбасы» атты отбасылық спартакиада өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 10:00-де Республикалық кәсіпкерлерге көмек орталығында «Бизнесті үйлестіру бөлімі» мен «РККО EDUCATION» бөлімі ашылады.
Сағат 10:00-де ҰҚШҰ (Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы) әскери-экономикалық ынтымақтастығы бойынша Мемлекетаралық комиссияның XVI отырысы басталады. Шара «RAHAT PALACE» қонақ үйінің «Кездесу» конференц-залында өткізіледі.
Сағат 11:00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Kinoplexx Sary Arka» кинотеатрында «Алаш туы астында» жаңа деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.
Сағат 15:00-де «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының баспасөз-орталығында «Алматыда баланы спортқа қалай қызықтыруға болады?» тақырыбында брифинг өтеді.
ТҮРКІСТАН
7 қыркүйек күні Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев Кентау қаласындағы орталық ауруханада компьютерлі томография орталығын ашады.
ШЫМКЕНТ
Сағат 11:00-де Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» баспасөз клубында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүрековтың қатысуымен брифинг өтеді. Брифинг 28 қыркүйекте «Ежелгі Түркістан - жаңа мүмкіндіктер» тақырыбындағы Бірінші халықаралық инвестициялық жəне туристтік форум жайында болады.
Сағат 15:00-де «Атамекен» бизнес-орталығында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді. Кеңесте мемлекеттік сатып алу саласында және кәсіпкерлердің жылжымайтын мүлікке конституциялық құқықтарында туындаған әкімшілік кедергілер және бұзушылықтар жөніндегі мәселелер қаралады.
ҚЫЗЫЛОРДА
7 қыркүйек күні Астана қаласының мәдениет күндері аясында Қызылорда облысына келетін делегация бірқатар шаралар өткізеді.
КӨКШЕТАУ
Сағат 9:30-да Ш.Уәлиханов атындағы КМУ бас ғимаратында (1 қабат) университетте жаңадан ашылған медицина факультетінің жұмыс барысы және ондағы жабдықталған жаңа кабинеттер мен оқу-зерттеу зертханалары, кафедрадағы оқытушы-профессорлар құрамы және студенттер, жаңа студенттер үйі және студенттердің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайларымен танысу мақсатында экскурсия ұйымдастырылады.
Сағат 11:00-де Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар алаңында осы тақырып бойынша брифинг өтетін болады.
АҚТӨБЕ
Сағат 11:00-де Ақтөбедегі өңірлік коммуникациялар қызметінде «2018 жылғы суға шомылу маусымын қорытындылау» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
АТЫРАУ
Сағат 10.00-де Атырауда қоғамда дау-дамайды азайту және қоғамда құқықтық мәдениетті арттыру, медиация әдісін енгізуге байланысты көшпелі жиын өтеді. Шараға ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Л. Прокопенко, ҚР Жоғарғы соты төрағасының орынбасары, ҚР Әділет министрінің орынбасары қатысады.
Сағат 11.00-де Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармониясында «Отан отбасынан басталады» атты байқау өткізіледі.
Сағат 15.00-де Қазақстан халқы тілдерінің облыстық фестивалі өтеді.
Сағат 18.00-де Таэквондадан «Бірінші ашық Азия чемпионаты» және «Қазақстан Open» халықаралық турнирі өтеді.