Қазақстанда 7 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 7 наурызда өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

Қазақстанда 7 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

АСТАНА

Сағат 10.00-де Достық көшесі, 10 мекен жайында орналасқан Қазақстан дизайнерлерінің киім дүкенінің аумағында Fashion Park Festival шарасы өтеді.

Сағат 10.45-те ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаев ведомство ғимаратында Халықаралық мереке қарсаңында әйелдер қауымын құттықтайды.

Сағат 11.00-де Ақордада Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев нәзік жандарды 8 Наурыз мерекесімен құттықтайды.

Сағат 11.00-де Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында мерекелік салтанатты шара өтеді.

Сағат 17.00-де «Қазақстан» концерт залында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әлемнің жарығы» мерекелік концерті өтеді.


АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де «Алматы Тауэрс» бизнес орталығында Қазақстан қор биржасы гендерлік теңдікке арналған «Ring the Bell for Gender Equality» саудасын салтанатты түрде ашады.