Қазақстанда 7 тамызда өтетін маңызды шараларға шолу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстан қалаларында 7 тамызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
Сағат 10.00-де Nur Otan партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінде ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев азаматтарды жеке қабылдайды.
Сағат 12.00-де Кәсіподақтар орталығында елордада жұмыс істейтіндердің құқығын қорғаудың жаңа шаралары бойынша брифинг ұйымдастырылады.
Сағат 15.00де Үкімет үйінде Ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысовтың қатысуымен «Ауылдарда өмір сапасын арттыру және жоғары білікті кадрларды тарту» тақырыбында баспасөз мәслихаты басталады.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін қалалық әкімдікте Энергия тиімділікті және инфрақұрылымдық даму басқармасында электрмен және жылумен қамту мәселелері бойынша ашық есік күні өткізіледі.
Сағат 14.30-да Korean House мейрамханасында Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Ким Дэ-сикпен кездесу өтеді. Бұл арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен өтетін жабық кездесу.